20 Қараша, 2018
Уйренге асық бол!

«Үйрен де, жирен» ейді қазақ. Демек, осынау қысқа ғұмырда әлемдегі жаманды-жақсылы дүниенің барлығынан дәм татып көрмек керек. Мұны жалпақ тілде өмірлік тәжірибе деп те атайды.


Қазір заман тынысы күннен-күнге дамып, басқа бағытта кетіп бара жатыр. Күн сайын толып жатқан жаңашылдықтар жарыққа шығып, халыққа жол тартады. Әсіресе технологиялық жаңалықтардың бұл ретте қарқыны қатты.



Сондықтан, ғаламдық жаңашылдықтардың барлығын бірінші болып игеруге ұмтылыңыз. Бұл сізге пайда табуға да көмек беруі мүмкін. алдымен, үйренбегендердің көпшілігі кейінірек үйрену қажеттіліг туындағанда, сол дүнилердің барлығын білетіндерден ақша төлеп үйренуге мәжбүр болады.



Заман тынысымен бірге дем алыңыз. Барлығын үйрену сізге ешқандай зиян әкелмек емес. Тіпті, пайда таппаған күннің өзінде ешкімге жүгінбейтін маман боларыңыз анық.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin