1 Желтоқсан, 2018
Үлгі бол!

Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген аталы сөз бар. Алдыңғы буыннан алған үлгі-өнеге жастарға үлкен өмірдегі даңғыл жолынан адаспауға көмектесері хақ.


Адам өмірге келгенде оның алдында бірнеше мақсат һәм миссия тұрады. Сол негізгі миссиялардың бірі – сені үлгі тұтарлықтай адам болу. Қоғамда адамдар бір-бірін әрқашан толықтырып отырады. Сен де біреуді үлгі тұтып, оның бойындағы тамаша қасиеттерді өзіңе сіңдіруге тырысасың. Сол секілді сен де біреуге белгілі бір деңгейде рухани-моральдық пайда әкелетіндей дәрежеде өмір сүруің шарт.



Сенің саналы ғұмырың кейінгіге үлгі болуға жараса, бұдан асқан бақыт болмас, сірә. Сондықтан, әрбір ісіңді кейінгі ұрпақ алдында жауапкершілікті екеніңді сезіне жүріп жасау керек. Сонда ғана қарекетіңнің берекесі артып, жетістікке жетер жолдағы жылдамдығың қарқын ала түспек.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin