12 Желтоқсан, 2017
Ұлы Дала театрына Вена көрермендері қошамет көрсетті

Австрияда «Ұлы Дала театрының» гастрольдік сапары үлкен жетістікпен өтуде. Республикалық академиялық Неміс театры, «Astana Musical» театры, «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі веналық MuTh үлкен жетістікпен өнер көрсетті.


Шығармашылық ұжымдар өздерінің мәдени міндетін үлкен жетістікпен атқарып, Қазақстанның ұлттық өнерінің үздік үлгілерін әлемге танытты.



«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Ұлы Дала Театры» гастрольдік сапары Еуропаның бес астанасында – Париж, Берлин, Бельгия, Вена және Мәскеуде өткізіліп жатыр. Театр ұжымдары гастрольдік сапар барысында Еуропаның әр қаласының сахнасында театр  танушылар, сыншылар, Елшілік өкілдерінің қатысуымен көрермендерге өнерлерін паш етті.



Қазақстанның шығармашылық ұжымдары қазақ және әлем жауһарлары болып саналатын үздік музыкалық шығармаларды танытты. Бұл «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен «Astana Musical» театрының «Қыз Жібек» қойылымы, Неміс театрының қойылымындағы «Қарагөз» туындысы.




«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы имидждік жоба біз үшін өте маңызды. Біздің театрға Қазақстанда халықаралық деңгейдегі театр ұжымдары, ұлттық драатургия бар екендігін көрсету мүмкіндігі беріліп отыр. Бізді жылы қабылдап, өнерімізге жоғары баға берген Еуропа көрермені ерекше қуантады» , - деп атап өтті Неміс театрының жетекшісі Наталья Дубс.




Сұлу Қарагөздің дарынды Сырым ақынға махаббаты туралы аңыз Наталья Дубс сияқты талантты режиссердің қойлымы арқылы жаңа тартымды сипатқа ие болды. Ол БҰҰ-ның алты тілдерінің бірі неміс тілінде алғаш рет жарыққа шықты. Бірегей туындының көркемдігі мен тереңдігін танымал берлин хореографы Флориана Бильбаоның дайындаған биі жандандыра түседі.



Спектакльге ән жазған Германия композиторы Iayrope. Сыншылардың пікірі бойынша «Қарагөздің» жаңа қойылымы классика жанрын сүйетін көрермен мен жалпы өнерді бағалайтын жұртшылыққа ерекше әсер етті.




«Қазақ драматургиясының жарқын туындыларының бірі эмоциялық сәттерге толы. Ескі салт-дәстүрге бой ұсынған бір-бірін сүйетін екі ғашық бөлек өмір сүруде. Қазақстандық сахна үшін жанр түрі ерекше. Қазақстанда тек орыс, қазақ емес, неміс және басқа да тілдерде спектакль көру мүмкіндігі бар екендігі қуантады», - деп атап өтті көрермен, танымал инстаблоггер Анель Нойбауэр.




Жас қазақ театры Вена тұрғындарына дала театр элементтері бар этно-фольклорлық мюзикл «Қыз Жібек» қойылымын сыйлады. «Қыз Жібек» – қазақ фольклорының інжу-маржаны. Сүйіспеншіліктің әнұраны болып табылатын туынды – халықтың поэзиялық мұрасының барлық салтанатты ұлылығын сіңірген.



Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын қойылымда ұлттың өмірі мен тығыз байланысты дәстүрлер де - бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. – жақсы көрініс тапқан.



Көрермендердің айтуы бойынша, қойылымның ұлттық нәзік хош иісі бірден сезіледі, қазақ мәдениетін айрықша ерекшеліктерімен айшықтайды. Muth веналық театрының директоры Отто Джанкович «Қыз Жібек» спектаклі қазақстандық жас театрдың сөзсіз жетістігі екендігін атап өтті. Оған адам толы зал, көрермендердің шынайы ыстық ықыласы толық дәлел. «Спектакль қазақ тілінде болды. Алайда аударма керек болмады, өйткені мен жүрегіммен түсіндім. Әртістер мен команданың кәсібилігіне тәнті болдым», - деп ойын қорытындылады ол.



Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін «Қыз Жібек» қазақтың лиро-эпостық жырының жауһары. Трагедия кейіпкерлері Жібек пен Төлеген әлемге әйгілі Ромео мен Джульеттадай қазақ халқы үшін махаббаттың символы іспеттес.



Оқиғалар негізінен жас батыр Төлеген, Қыз Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады.




«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отырған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы қазақстандық шығармашылық жобалар мен қазақстандық ұжымдардың жаңа идеяларына тың серпін береді деп ойлаймын. Бұл өз мүмкіндіктерімізді жоғары деңгейге көтеру және әлемге ұлттық мәдениеттің жетістіктерін көрсету үшін тамаша мүмкіндік», – дейді «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров.




«Алғашқы көріністен бастап-ақ мені үлкен қуаныш кернеді. Қазақстандағы өмірімді, театрдағы жұмысым есіме түсті. «Көзімнің қарасын» спектакль соңында әртістермен бірге айттым. Керемет құрам, тамаша ойын. Екі жыл ішінде жастардың бір-бірін танып, бірге жұмыс істеп кеткендігіне тамсандым. «Астана мюзикл» театрына керемет туындыны осындай деңгейде ойнап ұсынғандарыңа алғысым шексіз» - дейді Вена қаласы симфониялық оркестрінің музыканты Мария Орининская.



«Қыз Жібек» кейіпкерлері арқылы біз Еуропада танылған Ромео мен Джульеттаны көреміз. Жібектің бейнесі халықтың жүрегінде сақталған сұлулық, махаббат пен адалдықтың жарқын бейнесі. «Қыз Жібек» аңызы заманауи қазақ қоғамының ортақ мұрасы болып табылатын ғасырлық рухани және адамгершілік құндылықтарды бейнелейді. 


ruh.kz
Астана Опера