30 Қазан, 2017
Ұлы дала жастары жобасы іске қосылды

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды, деп хабарлады елорда әкімдігі.  



Жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстел мәжілісінде таныстырды. «Тәрбие және білім бағдарламасы» үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың біреуі – «Саналы азамат». «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді.



«Жоба ЖОО жүйесіндегі жастардың азаматтық сана-сезімін трансформациялауға, яғни бәсекеге қабілеттілікке, салауатты прагматизмге, шығармашылық және кәсіпкерлік ойлауға, өмір бойы өмірге дайындыққа және қазіргі заманның қиындықтарына негізделген белсенді өмірлік стратегиямен өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған» - деді Болат Атыбай.



Жиында ЖОО ұстаздарына жоба бойынша өз оқу орындарына ыңғайлы болатын ұсыныс жасап, жұмыс бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.


ruh.kz