6 Мамыр, 2019
#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ _ЖЕТІ_ҚЫРЫ: «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУТАНХАМОН» ЖӘНЕ АҢ СТИЛІ

«Алтын адамның» қалпына келтірілген киімі және әшекей бұйымдары


 



Қазақстан, Есік қорғаны, ж.с.д. IV – III ғғ.



  «Алтын адамның» скифтік-сақтық «Хайуанат нақышында» жасалған, алтын әшекейлермен безендірілген киімі. Күдері және сары түсті металлдан жасалған.



Һ-228 см. мөртабан, ені – 66 см., салмағы – 51кг..



 



Таутеке мүйізді қанатты ат бас мүсін





Есік қорғаны, ж.с.д. IV – III ғғ.



Таутеке мүйізді қанатты ат бас мүсіндері – бас киімнің негізгі элементтерінің бірі.



Мүсіннің негізі – ағаш, жапсырмалары табақ алтыннан жасалған. Алтын жапсырмалар бір-бірімен жақсылап қиюластырылған және ағаш негізге ұсақ қола шегелермен бекітілген екі бойлық бөліктен құрылған. Мүйіздері мен құлақтары бөлек дайындалған және бастың ойықтарына орналасқан. Ал құс қанаттары жауырын ойықтарына қондырылған. 16,5х10, 6х1,8 см., 310,40 гр., көлемінде сары түсті металдан жасалған.



 



Алқа мойын әшекейі (түпнұсқа)





Есік қорғаны, ж.с.д. IV – III ғғ.



Алқа сақина, түтік тәріздес, ажыратылмалы әшекейлер түріне жатады. Үш жарым айналымды спираль тәрізді. Алқаның негізгі бөлігіндегі түтікшелердің ұштары, топсаның алынбалы бөлігінің төлкелері (жалғасушы бөлшектерді өткізуге арналған осьтік тесігі мен осьтік симметриясы бар бөлшек ред.) – үштары қондырылатын кең өрнеу. Басқа қосымша бекіткіштері жоқ. Түтікшелердің ұштары барыстардың бас мүсіндері түріндегі ұштықтармен аяқталады.



Сары түсті металдан жасалған құйма.



d – 13 см., 102,20 гр..



Сұлтан МҰСТАФИН,



Ruh.kz


Ruh.kz