Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық болмыс пен оны сақтау жолдарына қатысты "Ұлттық жаңғыру" деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту", – деген жолдар бар. Осыған орай төменде ұлттық бірегейлік пен ұлттық болмысымызды нығайтудың бірнеше негіздерін атап өткенді жөн көріп отырмыз.
Иә, кешегі Алаштың арысы, Абайдың інісі болған ұлы Мұхаң: «Қазақ ел боламын десең бесігіңді түзе, оны түзеймін десең әйелдің хәлін түзе», – дегені, ұлттың тұтас түп-тамырына бойлаған күрес жолы іспетті. Сонау патшалық Рессей заманнан, кеңес одағының салтанат құрған дәуіріне дейінгі өмірді есепке алсаңыз, алаш баласы үшін аса тауқыметті жылдардың тар жол, тайғақ кешулері аз болмағанын көресіз.
Бүтін бір халықтың құлағы, көзі болған аса дарынды тұлғаларын нақақтан нақақ атты, жаламен түрмеге жапты. Ал қалған қойдай момақан жұртты қатал қысыммен қан қақсатып, малынан, жанынан айырды. Шарасыз елдің шамын өшіріп, арасына от жақты, руға, жүзге бөлді. Тілі мен дінін ауыздықтап, мәңгүрттендірді. Ашып айтқанда орыстандырды. Бірақ атадан балаға жалғасқан тектілік қанша жерден буғауласа да, ұлттың ұлы тұтастығы үшін Кенесары болып кектенді, Махамбет болып аттанды, Желтоқсан болып желбіреді.
Одан кейін қиан-кескі қызыл майданнан қыспақ көріп, жетпіс жылдық көктем саясаттың үгіліп, өміршеңдіктен үзіле бастаған кезінде ғана Қазақстан болып қайта орыннан тұрды. Ақтаңдық жылдары азап шеккен ұлт мақтаныштары ақталып қайтадан тарих төріне шықты, ел еңсесін тіктеп еміренген тәуелсіздік осынау ұлы күрестің даңғыл жолында азаппен қолға келді.
Қуанышқа орай, бар қазақтың ардағы, ата -баба арманы болған тәуелсіздігімізге де ширек ғасыр. Елін бастаған Елбасының, ел қамын жеген ерлердің арқасында еліміз бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткізді. Жетістігімізде мол, жемісімізде мол. Сондықтан көп жылдар бойғы тұйыққа тірелген тұшымды мәселелерге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы тұрғысынан тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз:
Ал, ендігі сөз түйіні ретінде Елбасының «Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертарпа тұстарынан бас тарту керек», – деп айтқанындай, расында біздің ұлттық біртұтастық пен ұлттық негізімізді сақтап қалудың жолы осылар. Яғни біз рухани жаңғыруымызға кедергі болатын жоғарыдағыдай кедергілерді жолдан алып тастағанда ғана, ұлттық бірегейлікке қол жеткіземіз, ұлттық болмысымызды сақтап қалған боламыз әрі рухани кемелденген ел ретінде нық қадаммен жарқын болашаққа қарай бағдар түзей алмақпыз.