30 Қазан, 2017
Ұлттық қолөнер –тәрбие көзі (ФОТО)

Халқымыздың ежелден тұтынатын қолөнер түрлерін дәріптеу аясында тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттық қолөнер халық қазынасы, бабалар мұрасы» этносайысы ұйымдастырылды, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.  



«Қазақ халықының қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету, оқушыларды әсемдікке баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен сайысқа Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің оқушыларынан құралған «Өрнек» тобы мен Шетпе гимназиясы оқушыларының «Шаңырақ» тобы белсенділік табылды. Төрт кезеңнен тұрған жарыста жүн сабау, жүнді шиге салу, текеметке түр салу, оларды орналастыру, ұршық иіру тапсырмалары берілді», - делінген хабарламада.



Айта кету керек, халқымыздың тұрмыста жиі қолданатын өру, тігу, тоқу сияқты  қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы  бар.



Жалпы, қатысушылардың ұлттық өнерге деген ықыластары ерекше болды. Нәтижесінде «Өрнек» тобы жеңіске жетіп марапатталды.


ruh.kz