28 Мамыр, 2019
#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: БАС КИІМ ӘШЕКЕЙЛЕРІ

Бас киім әшекейлері неден, қалай жасалған? Сол турасында.


Бас киім әшекейі


Бас киім диадемасы (түпнұсқа)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Бас киім әшекейі. Диадем – үстіңгі жақтары тау шыңдарын немесе өсімдің жапырақтарын, төменгі жағы иірімді жер бедерін бейнелеп көрсететін екі жұптық оң және сол жақ тіліктен тұратын әшекей. Екі тіліктің сыртқы ұштары тік бұрыштап бүгілген. Диадеманың ішкі жақ бетінде ешекейді бас киімге бекіту үшін тесілген отыз алты дөңгелек саңылау бар.

Диаметрі – 22 см;

Салмағы – 14,9 гр болатын сары түсті металлдан жасалған. 

бас киім әшекейлері

Оңға және солға бағытталып бейнеленген таутекелер (түпнұсқа)

Есік қорғаны ж..с.д. IV-III ғғ.

Айылбастар оңға немесе солға бағытталған таутеке түрінде белгіленген. Жалпылама берілген нақыштар аса қатты байқалмайды да. Тек көздің және танаудың кескіндері әлсіз белгіленген. Аяқтары секірер алдындағы жануар кейпінде – қосылған түрде құйылған екен. Бедерлі үлкен жалпақ мүйіздері, кішіректеу қысқа құйрығы және шолтиған шоқша сақалы бұның нағыз таутекенің өзі екенін хабарлап-ақ тұр.

Көлемі – 4,5х2,8 см;

Салмағы – 0,35 гр болатын сары түсті металлдан құйылған бұйым. 

бас киім әшекейлері

Бас киім бөлшегі (түпнұсқа)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Ортасында өсімдік жапырағы белгіленген лекал сызғышы тәрізді пішінді-сәндік жапсырма жолақ. Оң жағы немесе сол жағ бар бас киім әшекейі. Бас киімге бекітуге арналған тесіктері де бар.

Көлемі – 8,5х3,5, см;

Салмағы – 0,70 гр болатын сары түсті металлдан жасалған мөртабан.

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz