25 Қыркүйек, 2019
«Ұлы Жібек жолымен»

Атырауда «Ұлы Жібек жолымен» атты Республикалық пленэр өтті.


 Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 2019 жылдың 19 - 24 қыркүйегінде Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» жобасына орай, «Ұлы Жібек жолымен» атты Республикалық пленэр өтті.

70879195_963223407390351_2437173582887911424_o.jpg

Көрменің мақсаты: Туған өлкеміздегі тарихи-мәдени құндылықтарымызды қылқалам ұшымен болашақ ұрпақ жанында жаңғырту. Республика суретшілері арасында ынтымақтастықты нығайту және өз шығармашылық шеберлігін көрсету. Музей қорын республикаға танымал суретшілердің туындыларымен толықтыру. 

Пленэр Атырау өңірінен өтетін Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи-мәдени нысандар: Иманқара үңгірі, Ақкегершін бор тауы, Ақмешіт діни тұрмыстық кешені, Ұшқан қорымы жерлерінде өтті. Пленэрге республикамыздың түкпір-түкпірінен келген суретшілер қатысып, өз шығармашылығымен тәжірибе алмасты. Бұл жол мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды. Пленэрдың қорытынды көрмесі 24 қыркүйек күні Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде қорытындыланды.

71767548_963220457390646_2903610965423554560_o.jpg

Музей қоры тағы да суретшілер туындыларымен толықтырылды. Қөрмені музейі басшысы Т. Орынбасарұлы ашты.
И.Жақанов бастап келген қонақтар да ыстық ықыласын білдіріп, рақметін айтты. Қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Шара барысында көрменің лентасы қиылып, қатысушылардың салған суреттері барша қатысушы көрермен назарына ұсынылды.

 

Атырау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі