6 Тамыз, 2018
Үмітіңді үзбе!

Үміт – адамды алға жетелейтін тамаша құбылыс. Үміттенген адам болашақта бір жететін жетістік шыңынан қол үзіп, құйрық кесіскен емес. Сол үміт арқылы ол өз-өзін күн сайын жігерлендіріп отырады. Үміт арқылы өз-өзін алға сүйрейді. Ал талпыныс кезінде өзін жан-жақты жетілдіріп жатқанын байқамайды. Бұл – адамның санасының, көңіл көкжиегінің ұлғаюына себеп.


Жақсылыққа жету – бәрінің арманы. Бірақ барлығы бірдей жақсылыққа жету үшін әрекет ете бермейді. «Осы нәрсе болса ғой» деген құр тамсанумен арманы арман күйінше сөніп қала береді.ал егер сол арманын мақсат етіп, күн сайын соған жету үшін қарекет қылса, ол мақсатының нәтижесі алыста емес.



Міне, үміт сол нәтижені көре білетін адамдарда болады. Олар қол созым жерде тұрған жетістіктен бас тартпайды, сол бағытта қарқынды әрекет етеді және үмітін ешқашан үзбейді.



Адам санасы бір нәрсені ойлаған кезде жан-жақты қызмет жасай бастайды. Бір ғана дәлел – кез-келген адам өзі беріле ойлаған мақсатының нәтижесін көз алдына елестете алады.



Демек, үміт – адамды алға жетелейтін, еңбекке итермелейтін қозғалтқыш күш. Үмітіңді үзбе! Барлығы алда!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin