6 Ақпан, 2018
Үмітті ақтаған үздіктер

Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі 1983 жылы құрылған еді. Бүгінде оқу орны алты мамандық, 10 біліктілік бойынша кәсіптік білім береді. Аспаз, даяшы, ­наубайханашы сияқты қажетті мамандарды ­даярлайды. Колледж кейінгі жылдары үздіктер балын ұйымдастыруды дәстүрге айналдыр­ды. Биыл үшінші мәрте өткен іс-шараға біз де куә ­болдық.


Үздіктер балы қаламыздағы зәулім ғимарат, мәдениет ордасы – І.Омаров атындағы қазақ драма театрында өтті. Әсем безендірілген залдың іші көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Үздіктер балына жақсы оқитын 34 шәкірт шақырылыпты. Олардың әрқайсысы өз мамандықтарының қыр-сырын жетік меңгеруге тырысып жүрген зерек жастар.



Іс-шараға колледж директоры Жанділдә Мақанов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, жастар жанашыры Марат Жұрқабаев және әдемі кештің демеушілері қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген колледж директоры Жанділдә Қожахметұлы шәкірттеріне зор табыс тіледі.




«Біздің әрқайсымыздың өз армандарымыз бар. Арман – адамды алға жетелей-ді. Армандар орындалған сәтті әр адамның жұлдызды шағы десе керек. Қаншама студенттің арасынан сытылып алға шығып отырған 34 шәкірт үшін бүгінгі сәт ерекше. Сіздер ата-аналарыңыздың үкілеген үмітісіздер. Сіздердің әрбір жетістіктеріңізге оқытушыларыңыз да қуанады. Ендеше, оқуда озат болып, табысқа жете беріңіздер», – деді Ж.Мақанов.




Әсерлі кеште озат оқитын үш студентке арнайы стипендиялар тағайындалды. "Аспаз" мамандығының 1-курс студенті Нұриден Балтабаев колледждің алғашқы директоры Виктория Чумаченко атындағы стипендияны алса, 2-курс студенті Валерий Новышев "Глория" қонақ үй кешенінің сыйақысына ие болды. Үздік атанған үшінші студент Татьяна Штрылева "Добрый пекарь" ЖШС тағайындаған стипендиямен марапатталды. Шә-кіртақыға ие болған жастардың бірі – Нұриден Балтабаев кештен алған әсерімен бөлісті.




«Бұл колледж туралы достарымнан естідім. Өзім де қызыға бастадым. Тоғызыншы сыныпты бітіре салысымен, интернеттен іздеп, колледж туралы мәліметтерді толықтырдым. Оқу бағдарламасы, студенттерге жасалатын жағдай ұнаған соң осында оқуға бел байладым. Қазір 1-курс студен-тімін. Оқуым жақсы. "Аспаз" мамандығын өз қызығушылығым бойынша таңдадым. Колледж бітірген соң Астана немесе Алматы қалаларына барып, мамандығым бойынша жоғары білім ал-ғым келеді. Үздіктер балына қатысқаныма қуаныштымын. Арнайы тағайындалған стипендияны да иеленіп отырмын. Студент үшін бұл үлкен табыс», – дейді Нұриден Балтабаев.




Колледж директорының орынбасары Әлия Әбікенованың айтуынша, мұнда дуалды оқыту жүйесі бойынша білім береді. Әлеуметтік-жекеменшік серіктестік аясында қаладағы әртүрлі бизнес субъектілерімен 94 келісім-шарт жасалды. Соның ішін-де "Увильды", Сосновый бор" шипажайы, "Добрый пекарь" ЖШС "Глория" қонақ үй кешенімен әріптес-тік қатынаста жұмыс істейді. Түлектер келісім-шарт жасалған бизнес субъектілеріне барып, өндірістік тәжірибеден өтеді. Егер, студенттердің еңбегі, шеберлігі ұнаса кейін жұмысқа шақыратын көрінеді. Осындай артықшылықтардың арқасында колледж бітірушілерінің 100%-ы жұмыспен қамтылып жатыр.


ruh.kz
ҚО ІСБ