29 Маусым, 2019
URKER Award - 2019

«Үркер» сыйлығын марапаттау салтанатты іс-шарасы 

0Z9A9365 (1).jpg

Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, оны насихаттан ерекшелейтін кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. 

Конкурс мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. Сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі 2019 жылдың 28 маусымда елордамыздың төрінде өткізілді.

0Z9A9344.jpg

Сыйлықтың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 17.24.45.jpeg

2019 жылы өтініштер келесідей номинациялар бойынша қабылданды:
1) Жыл фотографиясы;
2) Жыл репортажы;
3) Жыл аналитикалық материалы;
4) Жыл журналистік зерттеуі;
5) Жыл сұхбаты;
6) Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы;
7) Жыл радиостанциясы;
8) Жыл ақпараттық порталы;
9) Жыл газеті;
10) Жыл журналы;
11) Жыл new media (telegram-канал, әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик).

WhatsApp Image 2019-06-29 at 10.33.01 (1).jpeg

Үздіктерді арнайы құрылған комиссия айқындады. Комиссия құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлықтың арнайы естелік мүсіншесі табысталады.


WhatsApp Image 2019-06-29 at 10.32.58.jpeg

Кеш жүргізушілерімен бір фотосурет.

0Z9A9567.jpg

Кеш қонақтарымен де бір фотосурет.

WhatsApp Image 2019-06-29 at 10.32.59.jpeg

Кадр сыртында қалатын кәсиби мамандар. Оларсыз жаңалықтардың дәмі  "тұзсыз" болады.

0Z9A0066.jpg

Өз кәсібін жанынан да жақын сүйетін профессионалдар.


WhatsApp Image 2019-06-29 at 10.32.50.jpeg

Креативті жас журналисттер.

0Z9A9863.jpg

Жақсы жаңалықтардың жаршысы.


0Z9A9704.jpg

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы алғаш рет 2017 жылы тағайындалды.


0Z9A9328.jpg

Екі жыл ішінде еліміздегі белді басылымдар, интернет-порталдар мен журналистерге жалпы саны 26 сыйлық табысталды. Олардың ішінде ақпараттық агенттіктер, өз оқырманы қалыптасқан тақырыптық басылымдар да болды.

P.S. Жаңалықтар мен ақпарат даласында иықтаса, қатар шайқасып жүрген жауынгер әріптестерімізді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңнан қасиет кетпесін. Шабытымыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, қадірлі қаламдастар!
                                                             

                                                                                                                                                                           Ruh.kz

Ruh.kz
Мурзабекова Джамиля, Ruh.kz