21 Ақпан, 2018
Үржарлық оқушылар қолөнер байқауында өз шеберліктерін сынады (ФОТО)

Байқауға ШҚО Үржар ауданының білім басқармасына қарасты бірқатар мектептердің жас қолөнер шеберлері қатысты.


Жалпы, аталмыш шараны өткізудегі көзделген мақсаты өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу, білім алушылардың бойындағы бар қасиетті шыңдау, мамандықты дұрыс таңдай білуге бағыттау болатын. Сондай-ақ,жас қолөнер шеберлеріне ұмыт болып бара жатқан қолөнер бұйымдарын (қағаздан,киізден, гобелен, ағаштан, тоқыма т.с.с. жасалған) үйрете отырып, ұлттық негізінде қоғамдық  сананы жаңғырту да негізгі міндет саналды.



Сонымен, іс-шара қорытындысында әділ қазылар алқасының шешімінен бірқатар аталымдар бойынша үздіктер анықталып,білім бөлімі басшысының арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.



Атап айтқанда І орын алған –КММ«Найманбай атындағы орта мектеп»мен КММ «Карақол орта мектеп-бақшасы» үздіктер көшбасынан табылды. Ал,ІІ орынды «Алтыншоқы орта мектеп-бақша»мен КММ «Жанай орта мектеп-бақша», КММ«Кішкенетау орта мектебі», «Көктал орта мектеп-бақша»КММ, «Төлеубек атындағы орта мектеп»КММ өрендері иеленді.Сонымен қатар,жүлделі ІІІ орынды –«Жансүгір атындағы орта мектебі»КММ және « Тұрсабеков атындағы орта мектеп»КММ жеңіп алды.



Айта кетейік, байқау алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтеді және қатысушылардың сандық көрсеткіш үлесі артып отырады деп жоспарлануда.


ruh.kz...