14 Қазан, 2019
"Үздік мектеп мұражайы -2019"

М. Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицейінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Үздік мектеп мұражайы - 2019" қалалық байқауының бірінші кезеңі өтті.

Мұражай – тарих айнасы. Ол тек оқушылардың өз өлкесін танып білуге ғана емес, көне жәдігерлердің сырларына үңіліп, оқушылардың азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, ой-өрісін кеңейтуге және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған. Сыныптан тыс жұмыстарға да пайдасы зор деуге болады. Тек оқулықпен шектелмей, оқушылардың ізденулеріне ықпал етеді.

М. Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицейінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Үздік мектеп мұражайы - 2019" қалалық байқауының бірінші кезеңі өтті. Бірінші кезеңге қаланың 12 мектебінен 42 оқушы қатысты. 

IMG_20191010_135909.jpg

Қатысушылар зерттеу жұмыстары мен мектеп мұражайы туралы презентацияларын ұсынды.

Екінші кезеңде қазылар алқасының мүшелері экскурсиялық топтардың жұмысын бағалау және конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін мектеп мұражайларына барады. Қорытындысы 17 қазанда жарияланады.

          Бұл іс-шара туған өлке тарихының өлкетану және зерттеу іс-әрекетіне оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге және танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

"Үздік мектеп мұражайы - 2019" қалалық байқауының жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі