19 Сәуір, 2018
Үздік оқырман – 2018!

Қызылорда облысы Бірлік ауылдық кітапханасында "23 сәуір – Бүкіл әлемдік кітап және авторлық құқық күніне" байланысты "Білгенге білім – байлық, бағасы артық" атты тақырыпта жас оқырмандардың қатысуымен "Үздік оқырман – 2018" байқауы өткізілді.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында өткен аталмыш байқаудың мақсаты: оқырманды кітап оқу мәдениетіне баулу, кітап деген құнды қазынаны қадірлей білуге, оқу арқылы рухани-мәдени құндылықтарымызды сақтауға, білгенін оқуда, еңбекте, көпшілік ортада тиімді пайдалуға үйрету. Сондай-ай, көркем шығарманы оқыту арқылы өз Отанын жанындай сүйетін, тәлімі мен тағылымы мол рухты ұрпақ тәрбиелеу.



Аталмыш байқауға 6-8 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Сайыс барысында талапкерлер бірнеше шарт бойыша сынға түсті. Əсерлене түсіп оқыған кітаптарынан үзінділер келтіргенде бейне көрерменді кейіпкерлермен қатар жүргендей сезіндірді. Отбасымен оқыған кітартарын жарнамалап, өзгеге оқуға ұсыну барысында оқушылар алдарына жан салмады. Оқырманды ерекше əсерге жетелеген тағылымды шара кітап құдіреті осы дегенді мойындатты.


ruh.kz
Бірлік ауылдық кітапханасы