3 Қыркүйек, 2019
Вокзалдағы кездесу (фоторепортаж)

Әр адамның өмірі кездесу мен қоштасудан тұрады. Ондай оқиғалардың ерекше куәгері теміржол вокзалы.

Өміріңіздегі маңызды шешімдердің бірі - мамандық таңдау және сол таңдауда адам жаңылспағаны абзал. Себебі өзіңнің сүйікті жұмысыңа махабатпен қарасаң ғана, мемлекеттің ісі алға жылжиды. «Ruh.kz» редакциясы өз мамандығын жанындай жақсы көретін және өз ісінің шеберлері қызмет атқаратын елордамыздың Теміржол вокзалына келген еді. Күнделікті адамдар легі, мыңдаған адами оқиғалар мен қоштасу-кездесулерге толы мекен - Вокзалдың тіршілігімен іштей таныстық. Қымбатты біздің, оқырман, назарларыңызға Нұр-Сұлтан қаласының тарихқа толы ғимараттарының бірі - Теміржол вокзалымен сізді де таныстырғымыз келіп отыр. Мархабат!

0Z9A4206.jpg

Елордамыздың тарихқа бай ғимараттардың бірі - Теміржол вокзалы. Ал, сіз білдіңіз бе, Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» (Акмолинский лагерь жен изменников родины) лагеріне этаппен келген нәзік жандылардың барлығын осы вокзал ғимараты қарсы алғанын. Әрине, бұл тарихи оқиға қан мен жасқа толы. Сол ауыр сезімдерді бойына көтеріп алып келген әйелдердің тарихы ғимараттың сол жылдарымен қиылысады екен. 

0Z9A4271.jpg

Жарайды, көңіл толқытарлық тақырыптан адами факторларға ауысайық. Сапарлаушы әр жолаушы вокзалға кірген бойда, құлағына дикциясы жақсы қойылған диктордың келуші поезды хабарлап жатқаны естіледі. Бұл дауыс сізді керек перронға апарып, вагоныңызға мінгізіп және шығарып салушы адамды вагоннан шығуын сұрайды. Сіздің ойыңызға келді ме, бұл дауыстың иесі кім екен деп.

0Z9A4212.jpg

Танысып қойыңыздар, Нұр-Сұлтан вокзалының дикторы Алма Жұмағалиева. Теміржолшы болып атанғанына тура жиырма үш жыл болған екен.

0Z9A4246.jpg

Күніне отыздан аса жолаушылар поезына қызмет көрсететін теміржол вокзалының барлық қызметкерлері мойнына артылған жауапкершілікті сүйіспеншілікпен сезінеді.

0Z9A4264.jpg

Бұл вокзалдың конкорс залы және вокзал бойынша кезекші Самат Әбішов. Конкорс залы теміржол платформалары мен вокзалдың негізгі ғимаратын байланыстырып тұратын кеңістік.

0Z9A4275.jpg

Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда. 

0Z9A4313.jpg

Вокзалда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан аға қызметкер Светлана Генадьевна Пазяк. Жиырма жылдан астам уақытын вокзалдың қайнаған өміріне арнаған Светлана апай өзінің мамандық таңдауда жаңылспағанын бірден айтты. 

0Z9A4409.jpg

Қазақстанның темір жолы саласында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған жер вокзалда жұмыс жасау үшін темірдей тәртіп пен табандылық керек. 

0Z9A4399.jpg

Үлкен артерия - вокзалдың тәртібін қадағалау және оны бірізділікте ұстаудың өзі үлкен өнер. 

0Z9A4277.jpg

0Z9A4355.jpg

Жолаушылардың маңызды-маңызды емесі немесе үлкен-кішісі болмайды. Вокзал қызметкерлері үшін олардың барлығы да үлкен қонақ. 

0Z9A4414.jpg

Темір жолды бойлаған поездар келеді-кетеді...

1 (13).jpg

...ал Нұр-Сұлтан вокзалы және оның қызметкерлері сізді әрқашан да құшақ жая қарсы алуға дайын! Елордамызға қош келдіңіз, жолаушы!


Бибігүл БӨКЕНБАЙҚЫЗЫ
Ruh.kz
Мурзабекова Джамиля, Ruh.kz