8 Қазан, 2020
Қымыз қалай дайындалады? (видео)

Павлодар облысының тұрғыны Нұғыманов Мұрат қымыз жасау кәсібімен 7 жыл айналысып келеді. 

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы мақсаттарының бірі – ұлттық асханамыз бен тағамдарымызды жүйелі жаңғыртып, дәріптеу болып табылады.

Ұлттық тағам – ұлы тағам. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған осындай ұлттық өнімдерімізді білу әр азаматтың парызы. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамындағы дәрумендер, майлар, ақуыздар талай ауруды емдеп қана қоймай, олардың алдын алады. Халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі де осы. Өзге тағамдарға қарағанда, қымызды дайындаудың әдіс-тәсілдері өте көп.


Мұрат Нұғыманов қымыз жасауды ағаларынан қалай үйренгенін айтып берді: «Бірінші биені сауып саумал алады. Екінші піспе шелекке қаймақ жағып, тобылғының түтініне салады. 1 сағат тұрғаннан кейін саумалды суытып піспе шелекке құяды. Піспе шелекке 40-50 литр саумал сыяды. Бір күнде 2500-3000 рет піседі. Пісіп болған соң 1 күн тұру керек. Сонда қымыз дайын болады».

Ленин кентінің тұрғыны Мұрат Нұғыманов қазақ халқының ұлттық тағамдарын кеңінен танымал етіп, ұлттық сусынымыздың келешек ұрпақ үшін маңыздылығын арттырғысы келеді.  

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Ruh.kz