30 Қараша, 2019
ЮНЕСКО Шымкентті қолдады

ЮНЕСКО Әл-Фараби мен Шымкенттің мерейтойларын ресми қолдады


Шымкент қаласының 2200-жылдығы халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізіледі. 

юнеско.jpeg

«2019 жылғы 12-27 қараша аралығында Франция астанасында өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясы ортағасырлық Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын және Шымкент қаласының негізі қалануының 2200-жылдығын келесі жылы атап өтетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылдады», - делінген хабарламада. 

юнеско7.jpg

2020 жылы «Қайырымды қала» Шымкентте өтетін мерейтойларға ЮНЕСКО өкілдері келеді. Ұйымға мүше 193 мемлекеттің ортақ шешіміне сәйкес ЮНЕСКО Хатшылығына аталған мерейтойлар аясында өткізілетін іс-шараларға қатысу тапсырылған. 

юнеско8.jpg

Ал өткен 40-шы Бас конференция бекіткен тізімге 53 мүше мемлекеттің ұсынысы еніпті. Бас конференция аясында Қазақстан Жібек жолы бойында орналасқан елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын ынталандыру жөніндегі ЮНЕСКО жобасына және осы ғылымның дамуына Әл-Фараби айтулы үлес қосқанын ескере отыра 14 қаңтарды Әлемдік Логика күні ретінде белгілеу жөнінде қарарларды қабылдады. 

юнеско6.jpg

Айта кетейік ЮНЕСКО мерейтойлары күнтізбесіне енгізу жөнінде өтініштер, атап өтілуі Ұйымның жаһандық мәдениет, ғылым мен білімге қосқан үлестерін насихаттау арқылы халықтарды жақындастыру мақсатына сай келетін, маңызды оқиғалар, айтулы тұлғалардың туғанының немесе қайтыс болғанының елуге бөлінетін даталарға қатысты болуы тиіс. 

юнеско9.jpg

Сонымен қатар Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғаны белгілі.

юнеско1.jpg

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі