11 Қазан, 2017
З. Қабылдинов: Латын әліпбиінің соңғы нұсқасын қолдану ыңғайлы

Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен өткізген отырыста Елбасы латын әліпбиінің тағы бір нұсқасын таныстырды.


Парламентте талқылаған алғашқы нұсқа қоғамда үлкен пікірталас туғызды, бұл халыққа ұнамағады. Осыны ескере келе мемлекет басшысы тағы бір нұсқасы ел талқысына ұсынуды жөн көрген. Соңғы ұсынылған нұсқаға байланысты ғалымдар мен кәсіби мамандар тарапынан пікірлер қажет екені сөзсіз.



Біріншіден, қосымша латын әліпбиінде жоқ әріптер кездеспейді. Әлемнің қай түпкірінде болсақ та стандартты клавиатураны пайдаланып, әлемнің басқа жағына ақпарат жіберіп және алып, алмаса аламыз.



Екіншіден, ойлап тапқан үтір қазақтың төл дыбыстарын жақсы жеткізеді. Бұл енді алдыңғы нұсқадағы диграфтардан қарағанда ыңғайлы тәсіл. Бірақ, бұл нұсқаны да әлі жетілдіре түскен абзал. Себебі бізде Ш әрпін Sh  деп беру қабылданған, басқаша таңбалау қиындау.



Үшіншіден, өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарында латын әліпбиіне көшкен кейбір түрік халықтардың қателіктерін қайталамай, олардан дұрыс сабақ алған секілдіміз. Олар асығыстықпен бірер әріптерінен айырылып қалды, қазірге кезде ол тілде қ, р деген дыбыстардың болмауы – соның кесірінен.



Төртіншіден, Еуропа халықтарының әліпбиінде кездесетін қателіктер бізде  қайталанбайтынына сенемін. Тіпті олар бізді жақсы оқитын болады.



Енді, қазіргі арнайы компьютерлік бағдарламаларды дұрыс пайдаланып,  біз бір сәтте қазақ мәтінін кириллицадан жаңа әліпбиге аудара аламыз. Мұндайда конвертер жақсы көмек.



Сондықтан осы ұсынылған нұсқа басқаларға қарағанда дұрысы сияқты. Мүмкін тағы да бір пікірталастар, ашық талқылаулар дискуссиялар керек болар, себебі қоғамның әр түрлі ойларын тыңдап, олардың ұсыныстарын ескерген дұрыс болады. Біздің ұжымда да қызу талқылау жүріп жатыр.  Ол да заңды нәрсе. Тәуелсіздік күні қарсаңында қалайда бір нұсқа таңдалып, бекітіледі деген сенім бар. Жаңа әліпби Егемендігіміздің нығаюына жасалған қадам деп түсінуіміз қажет. Осы ойды жасқа да, үлкен буынға да жеткізіп отыруымыз керек. 


http://ruh.kz