14 Қараша, 2017
Зағип жандар өмірден қалыс қалып жатқан жоқ - Сәуле Жақаева

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаңаөзенде қала әкімдігінің қолдауымен 13 қараша  зағиптар күніне орай кембағал жандарға арналған қайырымдылық шарасы өтті.



Қайырымдылық шарасына облыстық зағиптар қоғамының мүшелері, және 200-ге жуық зағип жан қатысты.  



«Қайырымдылық  шара барысында ән шашулар шашылып, термелер орындалып, «Шабыт» би тобының көркем билерімен   өз жалғасын тапты», - делінген хабарламада.



Айта кетейік, биыл Республикалық  Зағиптар қоғамының  құрылғанына 80 жыл  толып отыр.



«Ресми мәлімет бойынша қазіргі таңда Қазақстанда 20 мыңнан астам зағип жан бар болса, солардың 2 мыңға жуығы ғана еңбекке қабілетті. Бірінің   қолынан іс тігу  келсе, бірі өнермен  айналысады. Осылайша зағип жандарда өмірден қалыс қалып  жатқан  жоқ. Әр қайсысы өз ісімен, өнерімен орны  бөлек», - деді Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәуле Жақаева. 


ruh.kz