3 Желтоқсан, 2020
Заманауи әлемдегі IT-кітапханалар


Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2020 жылдың 3–30 желтоқсан аралығында INFOMONTH-2020 «Заманауи әлемдегі IT-кітапханалар» өткізеді.

Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясы ИФЛА ақпаратына сәйкес, бүгінде әлемде 569 000-нан астам кітапхана жұмыс істейді. Олардың ең көп саны Еуропада және Солтүстік Америкада, Африкада небәрі 1200 кітапхана бар. 01.01.2020 ж. жағдайына Қазақстанның кітапхана жүйесінде 11 133 кітапхана бар.

Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар мен Интернет-ақпараттық ресурстардың кеңінен енгізілуі ақпараттық ресурстарды ұйымдастыруда, оларды сақтау және қол жетімділікті қамтамасыз етуде сапалы өзгерістерге әкелді. Электрондық ақпараттық ресурстарды ұйымдастыру бағыттарының бірі электрондық кітапханаларды құру болып табылады. 

Бір ай бойы ҚР ҰАК қызметкерлері онлайн экскурсиялар, шолулар, виртуалды шолу, бейнероликтер, электрондық кітапханалардың құрылу тарихы, әлем мен Қазақстанның жұмыс істеп тұрған электрондық кітапханаларының жұмысы туралы онлайн презентациялар, оқырмандарға қолжетімді тегін электрондық ресурстар, сондай-ақ кітап сүйер қауымға арналған қосымшалармен таныстырады. Қорытынды құжат «Әлемнің IT-кітапханалары» анықтамалығын дайындау және басып шығару болады.

Іс-шараға электронды кітапханаларды құру және қолдану саласындағы жетекші мамандар, Қазақстанның республикалық, облыстық, қалалық және жоғары оқу орындары мен мектеп кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

ҚР ҰАК баспасөз қызметі

Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден