18 Мамыр, 2018
Заманауи адамның көзқарасы қандай болу керек?

Жер бетінде қанша адам болса, сонша пікір, сонша көзқарас бар. Өткен дәуірлерде діни көзқарастың қоғамда басымдық алғанын да білеміз. Беріде жеке басқа табынушылық көзқарас қалыптасты қоғамда. Қазіргі әлемдік даму көші бағытындағы көзқарас ғылымға негізделген. Діни және ғылыми көзқарастардың арасында кереғарлық туындамайды ма? Заманауи жетілген адамның көзқарасы қандай бағытта болуы тиіс? Біз осы сұрақтардың жауабын Кен Уилбер жасаған ақылдылық деңгейі бағытындағы жазбаларынан тапқандай болдық. Расында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың аясында сана жаңғырту жолында келе жатқан ұлт азаматтарының қандай көзқарас ұстанғаны жөн? Әрі қарай оқыңыз.


Ұлтшылдық, діншілдік, ғылымға негізделген көзқарастардың өзара айырмашылықтары бар. Өткен ғасырларда біздің ұлттың негізгі ұстанымы діни бағытта болған. Сауатын ашпаған азаматтардың көптігі, сауат ашқан жағдайда молдадан ғана араб қарпін үйренуі секілді факторлар бұл көзқарасты қалыптастыруға міндетті еді.



Тәуелсіздік таңы атып, егемендік алғалы бері еліміз зайырлы бағытты ұстанатынын жариялады. Яғни, дін, ұлт, тіл мен діл сияқты құндылықтардың қоғамда бөлініске түспеуін қатаң тапсырған еді. Қазір де сол бағытымыздан айныған жоқпыз.



Заманауи адам өзінің нені қалайтынын, өмірлік мақсаты не екенін анықтап, сол мүдделерін жүзеге асыруға күн сайын, тіпті, сәт сайын талпыныс жасау керек. Осы арқылы адам өзінің жетістікке жетуіне нақты қадамдар жасайды. Жетістік - тау басындағы шың. Оған жету үшін мұзды соқпақтар мен қарлы жолдардан, қалың ағаштар арасынан өту қажет. Міне ,сол сияқты адам да жетістікке қол жеткізу үшін білімін дамыту, әлемдік көңіл көкжиегін кеңейту, қаржылық, рухани білімін нығайтуға міндетті. Америкалық философ өзінің интегралды жан дүние туралы еңбегінде де адамдардың көзқарасын нақтылауы - жетістікке жетудегі алғашқы капитал екенін айтады. Бір ғана нәрсені әрбір адам өзінің ақыл-ой деңгейінде бағамдайды.  



Америкалық ғалым, жазушы, философтың айтуынша, мұндай көзқарастардың алуан түрлілігі де адамның дамуына әсер ететін бірден-бір бағыт. Кен Уилбер өзінің ғылыми негіздемелерін ғылыми көзқарас негізінде жасағанын байқау аса қиын емес. Діни тақырыпта қалам тартып, адамның өзгермейтін қағидаларын талқылаған америкалық жазушы барлық тұжырымдамаларын ғылыми көзқарас тұрғысынан жасайды.



Біздің қоғам үшін америкалық философ Кен Уилбер жасаған ақылдылық деңгейінен алатын үлгі қандай?



Біздің қоғамда қазір рухани төңкеріс жүріп жатыр. Ол қандай төңкеріс? Цифрлы дәуір, робототехниканың  дамуы секілді үлкен өзгерістер орын алып, ғылыми тұжырымдамалар оң нәтиже беріп жатқанда даму үдерісін тоқтатуға мүлде рұқсат жоқ. Біз егемендік алғалы экономикалық, техникалық, саясат тұрғысынан біршама үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Енді қай бағытқа қарай бетбұрыс жасау керек?



Әрине, сөзсіз руханиятты дамыту бағытына. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы тұста көрегендік танытып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады.



Бағдарламалық мақаланың қоғамда үлкен маңызға ие болғаны сонша, республиканың бірқатар өңірлерінде арнайы орталықтар ашылып, өте қарқынды жұмыс жасауда. Латын қарпіне көшу, кәсіпкерлерге қолдау жасау, әлемнің үздік ғылыми кітаптарын қазақ тіліне тәржімалау сынды ұлт тарихындағы ұлы маңызға ие бастамаларды қолға алып, атқарып жатыр арнайы мамандар.



Арнайы айта кететін бір дүние – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында азаматтарға прагматистік көзқараста болуды тапсыруы. Прагматистік көзқараста болу арқылы адамзат баласы заманының нағыз адамына айналады. Бұл – бір. Екіншіден, прагматистік көзқараста болу діни һәм ғылыми көзқарастан да алыстауға итермелемейді.


ruh.kz
Twitter.com