1 Тамыз, 2018
Зертте және жаңашылдыққа ұмтыл!

Адам өмірі табиғат заңы бойынша ізденістен, жаңа дүниелерді, тың бағыттарды ашудан тұруы шарт. Ал бүгінгі жылдам қарыштап дамып бара жатқан дәуірде ізденістің, білімді кеңейтудің маңызы, тіпті, жоғары.


Сен өзіңмен сұхбат құр да кім екеніңді тануға талпын. Бұл – жетістікке апарар жалғыз жол. Адам өзінің қабілеттілігінің деңгейін шын танып, қолжетімсіз дүниелерді мойындаған кезде ғана жетістікке жетпек. Бұл - әлем бойынша жоғары жетістіктергежетіп, биік шыңдарды бағындырған азаматтардың уақытпен дәлелдеген тәжірибесі.



Бір дүниеге әуес болып, қызығушылық танытсаң, оны түпкілікті зертте! Қазақта «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген тамаша нақыл бар. Міне, түбегейлі зерттелген нәрсенің нәтижесі де өнімді, ол бағыттағы шалыс қадамың да құлдилатып жібермейтіндей аз болады.



Белгілі бір бағытты зерттеу арқылы адам өзіне таңсық бағыттарды ашады. Ізденіс пен зерттеуді басты қағидаңа айналдыра біл! Жетістік сенен қашықта емес, қол созым жерде. Тек төте жол таба білу қажет.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin