6 Тамыз, 2020
Жаңа ән жобасы жарияланды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы «Шәмшінің әнін шырқа!» әуендер жобасын жариялайды. 


«Қазақстан»  телерадиокорпорациясы композитордың 90 жылдық мерейтойына орай, әлеуметтік желіде «Шәмшінің әнін шырқа!» әуендер жобасын жариялайды. Жобаға қатысу үшін сазгердің өзіңіз сүйіп тыңдайтын әнін орындап, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялаңыз. Жарияланымға #Шәмші90жас хештегін қойып, Instagram желісіндегі @qazaqstantv парақшасын белгілеу қажет.

Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды.

Қосымша талаптар:
Әнді толық орындау;
Ұялы телефонды көлденең (горизонталды) түрде қойып түсіру;

Ең сәтті шыққан түсірілімдерден бейнебаян әзірленіп, «Qazaqstan» және «Abai» телеарналарының эфирінен көрсетіледі.

Шәмші әндерін қосылып шырқайық! 

Ruh.kz