25 Маусым, 2020
Жалбыз – жүзден астам ауруға ем өсімдік

«Жалбызды жерде жан қалады...»

Халық даналығы

04mint.jpg

Жалбыз өсімдігі туралы не білесіз?

Жалбыз – шипалы дәруменге бай, жұпар иісті, ерінгүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп. Түсі – көбіне жасыл-сарғылт, сұры және күлгін. Кейде ақ не алқызыл түстері де кездеседі. Оның жапырақтары бір-біріне қарама-қарсы бағытта орналасады. Ал сабағы тік келеді. Биіктігі – 80-100 см. Жалбыз өсімдігінің гүлдейтін мерзімі: маусым мен шілде айларының аралығы. Ежелден емдік қасиетімен белгілі шөптің жағымды ароматты, хош иісі ерекше. Жалбыздың Қазақстан территориясында шамамен 9-10 түрі бар. Ол таулы жерлерде, өзен-көлдердің жағасында, шабындықтар мен бақшаларда өседі. Әсіресе, сотүстік қоңыржай ендікте көптеп таралған. Дегенмен заман ағымына орай, қасиетті өсімдікті үйден өсіре беруге әбден болады. Оны вегетативті жолмен тамырлатады.

3(432).jpg

Жалбыз қандай қасиетімен белгілі шөп?

Жалбыз шөбінің ел арасында дала, су, бұйра, кермек және бұрышты секілді түрлері кең танымалдылыққа ие. Дәрілік препаратқа пайдаланатын түрін «бұрышты жалбыз», - дейді. Қандай ауруға дауа деген сұрақ көпшілікті толғандырары сөзсіз. Ендеше, жалбыздың емдік қасиетіне кезек берелік.

Жалбыз – сонау ықылым заманнан-ақ адамзаттың пайдасына жараған киелі шөп. Қазіргідей медицина дамымаған уақытта бұл өсімдік ата-бабамызды талай ауру-сырқаудан аман сақтап қалған. Жалбыздың дәрілік пайдасы көшпенді тұрмыстан бөлек, дамыған ғасырдың медицинасында да дәлелденген. Ол вирустық ауруларды жоюға таптырмас дәрі бола алады. Бәрінен бұрын асқазан, ұйқысыздық және іш ауруын бірден жазады. Тұнбасын ауыз уылғанда, қызыл иек қабынғанда, тіс ауырғанда, баспада, жоғарғы тыныс жолдары қабынған кездері қолданып, ауызды шаяды. Суық тиген уақытта сүтке қайнатып ішсе, дереу емдейді.

44262759_xxl-1024x683.jpg

Жүрек ауруымен ауыратын кісілердің құлағына алтын сырға: күніне 1 шай қасықтан 3 мезгілден 2 ай ішсе, жүрек ауруын дереу емдеп жазады. Тұнбасын ірілі-ұсақты іріңді жарақаттар мен қотырларға таңып тастаса, тез сауықтырады. Мұрыннан қан ағып, тоқтамаған кезде де жалбыз шөбін пайдалануға болады. Оның суын мұрынға тамызса, қан тоқтайды. Жиі терлейтін адам егер жалбызды ыстық суға демдеп, ұйықтар алдында ішетін болса, тершеңдігінен айығады. Жалбыз тіс ауруларына бірден-бір ем. Ол тіс пастасының негізгі компоненттері ретінде қолданылады.

Жалбызды сондай-ақ косметологияда да пайдаланады. Мәселен, таңертең бетті құбырдан аққан сумен шайғаннан гөрі жалбыздан әзірленген лосьонмен жуған әлдеқайда пайдалырақ. Ваннаға жылы су толтырып, ішіне 5 ас қасық жалбызды 1 литр суға қайнатып, қоссаңыз, шаршағаныңызды оңай басады. Жұпар аңқыған иісінен иіссулар жасайды. Кулинарияда қолданып, сан түрлі ас-дәмдер әзірлейді. Ароматерапия ретінде пайдаланып, эфир майларымен ауаны жағымды иіске толтыралы.

Ескерту: жалбыз қосылған шайды қан қысымы жоғары адамдарға және 6 жасқа толмаған балаларға ішуге болмайды.

maxresdefault.jpg

Сонымен жалбыз нақты қандай ауруларға ем болатынына қысқаша тоқтала кетейік:

1. Тыныс жолдары;

2. Тіс ауруы;

3. Жүрек-тамыр аурулары;

4. Бүйрек ауыры;

5. Іш ауруы;

6. Асқазан ауруы;

7. Бауыр ауруы;

8. Өт қабының қабынуы;

9. Суық тиюді, дауыстың қарлығуын, жөтелуді басады (көптеген вирустарды жазады);

10. Тырысуға қарсы;

11. Тәбетті ашады;

12. Табиғи антисептик (ағзаны тазалайды);

13. Қабынуға қарсы;

14. Түйілуді басады;

15. Демікпе;

16. Дизентерия;

17. Полиартрит;

18. Туберкулез;

19. Денеге шыққан түрлі жарақаттарды емдейді;

20. Гипертония;

21. Мұрыннан қан тоқтамағанда;

22. Қуықтың қабынуы;

23. Жүйке бұзылыстарын емдеп, шаршағанды басады;

24. Бронхтардың қабынуы;

25. Атеросклероз.

Жоғарыда жалбыз шөбінің көмегімен емдеуге келетін тек 25 сырқаттың ғана түрін атап өттік. Алайда «халық айтса, қалт айтпайды» демекші, ел арасында жалбыздың жүзден астам ауруды емдей алатын қасиеті бар екендігі жиі айтылатынын естен шығармағанымыз абзал. Бәрінен бұрын осыншама ауруды жазатын емдік шөптің қасиетті қазақ жерінде өсетінінің өзі ауыз толтыра мақтанарлық жай емес пе?!

Аружан Мырзатай
Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден