27 Желтоқсан, 2018
Жалқаулық – арылмас азап

Қазақта «Еріншектің ертеңі бітпес» деген сөз бар. Біздің халық жалқауды жат көріп, оларға жиіркенішпен қарайтын болған.


Жалқаулық – адамның жетістікке жетуіне кедергі болатын бірден-бір кереғар қасиет. «Алма піс, ауызыма түс» деп жатқан кісіге қайдағы жетістік нәсіп болсын?



Бүгін ойға алған, бүгін жасалуы керек болған істі бүгін аяқтауға тырыс. Сонда ғана жалқаулықтан арылмақсың. Мән-мағынасыз ұйқы адамды өлтіреді.



Сондықтан, әрекет ет! Жетістік тек әрекет еткен адамға ғана бұйыратынын ұмыт қалдырма!



Уақыт келді! Тұр! Қимылда!


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin