13 Ақпан, 2020
Әліпби нұсқаларын жалпыхалықтық талқылау өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 14 ақпанда республика көлемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасы бойынша ашық талқылау шарасы өтеді.

Өтетін күні: 14.02.2020

Өтетін жері: «Marden» Бизнес-орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі,14

Шараның мақсаты – орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқалары мен өзге де ұсынылған әліпби жобаларын талқылау. Республикалық көлемде барлық өңірлерде өтетін ашық талқылау жергілікті Тіл басқармалары арқылы ұйымдастырылып, оған филолог ғалымдар мен әдіскерлер, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының тіл мамандары қатысады.

Талқылау барысында ұсынылған қорытындылар мен ұсыныс, пікірлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінде жинақталып, оған мониторинг жүргізіледі. Мониторинг қорытындылары Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Терминологиялық, Әдістемелік, Сараптама және Техникалық сүйемелдеу топтарының бірлескен кеңесіне ұсынылып, талқыланады.

Жұмыс тобының ғалымдары ұсынылған әліпби жобаларын талқылап, ғылыми негіздемемен қорытынды шығаратын болады.

Байланыс телефондары: 55 -67- 26, 55- 67 -27, 55- 67-28