22 Маусым, 2018
Жамбыл облысы әкім аппаратының басшысы «Рухани жаңғыруға» қатысты пікір білдірді

«Жастарымыз салт-дəстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс», – деп Елбасы жастарға зор үміт артып, еліміздің болашағының мығымдығын бізбен байланыстырады. Келер күнге нық сеніммен қарап, емірене еңбек етуге жігерлендіреді. Қанатымызды қатайтып, ендігі уақытта кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуға міндеттейді, алға жетелейтін арманды жүзеге асыруға ынталандырады.


Мемлекеттік қызмет дегеніміз – халықтың сенімін ақтау, ұлт абыройын асырып, асқақтату. Əрбір өркениеттің өріне қадам басқан мемлекеттің ең басты тірегі – оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан ұлт мəртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мəртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Күні бүгінге дейін қаншама Заң жəне реформалар қабылданып, еліміздің жан-жақты дамуына əрекеттер жасалуда.



Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі біртіндеп дамып келеді. Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы аясында аудан көлемінде көптеген тапсырмалар міндеттеліп, тиісті деңгейде атқарылып келеді. Осыған орай бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі.



 Біздің кəсіби шеберлігіміз бен біліктілігімізге сенім артқан халықтың көңілінен шығу қашанда оңай емес. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тəуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек ету біз үшін де абырой.



Қазіргі таңда ауданда 263 мемлекеттік қызметшілер бар. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны – 74, яғни, өткен жылдармен салыстырғанда əлдеқайда жоғары коэффициент. Бұл көрсеткіш Елбасының «əлеуметтік лифті» жайындағы ұсынысының айқын көрініс тапқандығын айқындайды. Əлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкердің орташа жасы – 39 жас, ал бұл көрсеткіш 1991 жылы – 44 жас болатын. Мансап сатысымен қызметте жоғарылаған қызметкерлердің саны да 4 есеге артып, мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы өсті. Нəтижесінде, ауданда дамыған елдердің жетістіктерін жəне ұлттық мемлекеттік жүйенің ерекшеліктерін біріктіретін өзіндік модель құрылды.



Бұл нəтижелерге біз мемлекет басшысының көреген саясаты мен мəнді реформаларының арқасында қол жеткіздік. Салыстырмалы түрде аз уақыттағы тарихи кезеңге қарамастан, алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сай келетін кəсіби аппарат қалыптастырылды. «Өрелі рухсыз өркениет жоқ» демекші, ұлттық болмыс пен ұлттық кодты жадынан шығармау мақсатындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғыртуда бірқатар жұмыстар атқарылды.



Мемлекеттік қызметке қабылданғалы бері ең алдымен елдің абыройын асқақтатып, халық алдындағы қызметімді, межелі міндетімді бірінші орынға қойып келемін. Өйткені халықтан биік еш нəрсе жоқ. Мемлекеттік қызметтің өз жүгі, өз биігі бар. Сондықтан жүктелген міндетті абыроймен арқалап, жұмысты жүйелі орындау үшін еселі еңбек етіп, Елбасының салиқалы саясатына сай əрекет жасасам одан артық бақыт жоқ деп санаймын.



Менің де, əріптестерімнің де мақсат-мүддесі Елбасының сарабдал саясатымен үндес. Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Ауданның əлеуметтік жəне экономикалық тұрғыдан алға басуы көп жағдайда өздеріңіз- дің ізденісті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты екені рас. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады. Сіздерді кəсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызмет- теріңіз жемісті болсын!



 


ruh.kz
Alashainasy.kz