24 Қараша, 2017
Жамбыл облысы еліміздің барлық аймақтарынан келген студенттердің басын қосады

Жамбыл облысында  «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының XIV шақырылымы өтеді.  Бұл туралы Қазақстан студенттерінің Альянсы республикалық студенттік қозғалысының көшбасшысы Ілияс Түстікбаев Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.



Ілияс Түстікбаевтың айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын және жаңадан енгізілген латын әліпбиін жастар арасында кеңінен насихаттау.



Сонымен, «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 қараша – 26 қараша аралығында «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының XIV шақырылымы көне Тараз шаһарында өткізіледі. Шақырылымға республикамыздың 14 облысынан 150-ден астам белсенді жастар келеді.



«Аталған шарада барлық «Үздік өңірлік штаб», «Үздік АСКер», «Үздік жоба» номинациялары бойынша үздіктер анықталады,- деді Ілияс Түстікбаев.


ruh.kz