19 Сәуір, 2019
Жаңа басылымдар таныстырылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырауда «Туған жер» және «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобалары төңірегіндегі жаңа басылымдармен таныстыруға арналған дөңгелек үстел өтті.


 Дөңгелек үстел барысында 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында жарық көрген Ю.Н.Харари: Sapiens. «Адамзаттың қысқаша тарихы», Р.К.Стивен:  Жасампаз жандардың 7 дағдысы»  кітаптары және журналист, өлкетанушы Л.Л .Гузиков пен Атырау мұнай және газ университетінің профессоры, археолог, өлкетанушы В.К.Афанасьев құрастырған «Ортағасырлық Ақтөбе –Лаэти» қалашығын зерттеуі туралы материалдар жинағы таныстырылды. Жинақтың басылып шығуына «Былина»  орыс  этномәдени  бірлестігінің төрағасы А.А.Кораблев демеушілік етті.



Шараға Атырау облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, «Қоғамдық келісім» МКМ, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қолдау инспекциясының, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшылықтары, Атырау мұнай және газ университеті, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессорлар мен оқытушылары, студенттер, магистранттар, ҚХА ғылыми-сарапшылық топ мүшелері қатысты. 





Дөңгелек үстелді Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ү.Кыдыралина жүргізді. Сонымен қатар модератор «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жаңа басылымдарына шолу жасады.



 


автор