23 Қараша, 2017
Жаңғыру негізі - ауылда

Жамбыл облысында «№ 14 Талас колледжі» студенттері мен санаға серпін беріп, ұлағатты ұрпақ үшін барын аямай жүрген аяулы ұстаздардың  ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталмыш колледж жанынан рухани дамыту орталығы ашылды.





«Көптен күткен қуанышты бөлісуге арнайы құрметті қонақтар шақырылып, ауыл тұрғындары да игілікті істің куәгері болды. Салтанатты шарада Ақкөл ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрғынбай Тәжібеков, № 14 Талас колледжінің ардагер ұстазы Қанжан Әбдиев, Талас ауданы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бақтияр Төмешбай, №14 Талас колледжінің директоры Айман Тілеукеева, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Асқар Қуаныштар жылы лебіздерін білдіріп, рухани орталықтың ұлттық құндылықтарымыз бен еліміздің тарихи мұраларын жастарға насихаттап, осы бағытта студенттер мен ауыл тұрғындарына қажетті ақпарат беретінін жеткізді», - делінген хабарламада.



Жалпы, Жамбыл облысындағы № 14 Талас колледжіндегі қолға алынып жатқан игілікті істердің күрделісі де маңыздысы сапалы білім беру. Ал, табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.  


ruh.kz
ЖО ІСБ