19 Ақпан, 2018
Жаңғыруды өзіңнен баста – Оңтүстік Қазақстан жастары

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында еріктілердің қатысуымен «Жаңғырту жастар қолында!» акциясы өтті.



«Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы негізгі басымдықтарына тоқталуға, сонымен қатар, жастардың патриоттық рухын көтеріп, туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттыруға мүдделіміз», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.




Акцияға 200-ден аса жас және тұрғындар  қатысты.



Сонымен, шара барысында бағдарламаға қатысты ақпараттық парақшалар таратылып, жастарды ұлттық бірегейлікті сақтауға шақыру жолында ұлттық қолөнер көрмесі мен тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлері көпшілік назарына  ұсынылды.  Студенттер арасында бағдарламаны меңгеру деңгейін анықтау үшін викториналық сұрақтар қойылған байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы логотипі бар  оқу құралдары мен өңір тарихы туралы естелік кітаптарды сыйға алды.



Акция қатысушылары ұлттық тағамдар мен сусындардың дәмін татып, туған ауылдарына деген сағыныштарын басуға мүмкіндік алды. Ұмыт қалып бара жатқан ұлттық спорттық ойындардан жастар өзара сайысқа түсті. Тіпті, іс-шараны көруге келгендер  ләңгі теуіп, асық ойнап, арқан тартысып белсенділіктерін көрсетті.


ruh.kz...