7 Қыркүйек, 2017
Жапондар «МЕН – ҚАЗАҚПЫН» жобасына қызығушылық танытып отыр

Жапонияның NHK телеарнасы Қазақстан туралы, Астана туралы 100 минуттық деректі фильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.


Онда еліміздің салт-дәстүрі, саяси-экономикалық жағдайы, аз уақыттың ішінде бой көтерген әсем Астанамыз жайлы жан-жақты баяндалады. Бүгін аталмыш түсірілім тобы «Қазақстан» Ұлттық арнасының жаңа жобаларымен, жаңа маусымда көрермен қауымға ұсынар жаңа бағдарламаларымен танысып жатыр.



«Бізге ең ұнағаны «Мен – қазақпын» жобасы болды. Біз сол үшін де осы халықаралық жобаның түсірілім алаңына келіп, өз көзімізбен көріп отырмыз. Біз дайындап жатқан деректі фильмде бұл жобаның алар орны ерекше болмақ. Жобаның бізге ерекше ұнағаны қазақ халқының төл өнерін насихаттауы. Ертең біз елімізге барған соң қазақтың осындай ерекше өнері бар екенін жеткізетін боламыз» - дейді NHK арнасының продюсері Машу Урута (Mashu Uruta).



https://baq.kz/storage/85/85474ab320d092d72e13e1d4cb41e136.jpg" style="height: 599px; width: 900px;" />



«Қазақстан» РТРК Төрағасы Ерлан Қариннің айтуына қарағанда жапониялық әріптестері өздері қызығушылық білдірген аталмыш жобаға.



«Әріптестеріміз «Мен қазақпын» жобасы туралы өздері естіп, сол бойынша бізге келіп отыр. Алдағы уақытта осы жоба туралы өз елдерінде көрсетпекші екен», – дейді Ерлан Тынымбайұлы.



Естеріңізде болса, «Қазақстан» ұлттық арнасы мамыр айынан бері еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларында және Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінде тұратын қандастарымыздың арасында терме, күй, дәстүрлі ән бойынша өнерпаздарды іріктеген болатын.



https://baq.kz/storage/a9/a9efd8d5616c3681665d3096fde88a19.jpg" style="height: 599px; width: 900px;" />



Тамыз айынан бастап экранға шыққан жобаның телеарналық нұсқасы Астана қаласында түсіріліп жатыр.



 


Ержан ЖАУБАЙ