6 Тамыз, 2019
Жас суретшілер көрмесі (фоторепортаж)

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Жастар жылы аясында жас суретшілер шығармашылығын қолдау мақсатымен 2019 жыл 2 тамызда «ArmandaStar» топтық көрмесі ашылды.

 
2.jpg

Республикалық көрмеге Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе, Петропавл қалаларының кәсіби маман ретінде енді танылып жатқан жас суретшілер өз туындыларын ұсынды. 

5.jpg

Көрме жас суретшілердің шығармашылықтарынан жаңа ізденістерді, өз бейнелеу тілін қалыптастыруға деген талпынысты, өткенмен сабақтастықты көреміз. 

8.jpg

Экспозицияда бейнелеу өнерінің кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, цифрлы кескіндеме сияқты түрлері қойылған. 

9.jpg

Түрлі бейнелеу құралдары арқылы  бүгінгі күннің бейнесін суреттейді, олар өткенмен, бүгінмен және болашақпен тілдеседі. 

10.jpg

Көрме экспозициясы қойылған жұмыстарының әртүрлілігіне қарамастан, олар әр қатысушының ерекшеліктері айқын көрініс тапқан тұтас бір дүние ретінде қабылданады.

11 (5).jpg

Көрменің басты ерекшелігі - музей қонақтары осы уақытқа дейін көрермен назарында болмаған суретшілердің шығармаларымен танысады.

3.jpg

Оқи отырыңыздар: 

Ұлттық зергерлік бұйымдар (фоторепортаж)

«КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ»


Ruh.kz
Мурзабекова Джамиля, Ruh.kz