16 Қыркүйек, 2020
Жасампаз жандардың 7 дағдысын білесіз бе? (видео)

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінен бастап қазақ жастарының арасындағы мәдениеттің өсуіне ықпал ету, қазақтілді бәсекеге қабілетті жастар алаңын құру мақсатында Ruh.kz порталы республикалық «Үздік әдебиет» жобасын бастаған болатын. 

Портал жобаны өңірлердегі жобалық кеңселермен бірге жүзеге асыруды көздейді.

Өңірлерден алғашқы эфирді Павлодар облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі бастады. Эфирдің ІІ бөлімінде Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы талқылады. Бөлім маманы Данара Қабыкен эфирдің модераторы болып, келесі 7 дағдыға кеңірек тоқталып өтті:

  • Бірінші дағды − Проактив болыңыз
  • Екінші дағды − Түпкі мақсатыңызды жол басында елестетіп алыңыз
  • Үшінші дағды − Басты іске баса мән беріңіз
  • Төртінші дағды − «Ұттым/ұттым» күйінде ойлаңыз
  • Бесінші дағды − Әуелі түсінуге, содан кейін түсінікті болуға ұмтылыңыз
  • Алтыншы дағды − Синергияға жетіңіз
  • Жетінші дағды − Араны қайраңыз

Ой бөлісу барысында аталмыш кітаптың мазмұны ұлы тұлғаларымыздың еңбектеріндегі мысалдармен айшықталып отырды. Эфир қатысушылары өздерін проактив адам деп санайтындықтарын және тайм-менеджмент матрицасын өмірде қолдануға тырысатындарын айтты. Эфир барысында осы және өзге де сұрақтарға жауап алынды. 


Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz