21 Қазан, 2019
«Жастар шабыты»

Көрменің мақсаты: бейнелеу өнеріне баулу арқылы жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық және талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында көркем экспозиция жасау.

фффф.jpg

2019 жылдың 18 қазанында сағат 16:00-де «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасының галереясында жас суретшілердің орындаған көркем жұмыстар көрмесі ашылды. 

ппп.jpg

«Жастар шабыты» көрмесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен өтті. 

пп.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының «Nur Otan» партиясының «Есіл» аудандық филиалы көрменің өтуіне қолдау көрсетті.

нннн.jpg

Көрменің мақсаты: бейнелеу өнеріне баулу арқылы жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық және талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында көркем экспозиция жасау. 

лл.jpg

Экспозиция Қазақ ұлттық өнер университетінің «Кескіндеме» және «Мүсін» кафедрасының 2 және 4 кунрс студенттерінің шығармашылығымен ұсынылған. 

дддш.jpg

Көрме 50-ге жуық туындыны (оның ішінде кескіндеме, графика, мүсін, әртүрлі жанрда орындалған: тақырыптық сурет, пейзаж, натюрморт, портрет, этюдтер, заттай қойылымдарды) қамтиды. 

аа.jpg

Қазақстан Республикасы суретшілерінің жаңа ұрпағы бейнелеу өнерінің келешегін құрайтындықтан, жұртшылықтың ықыласына лайық. Олар өз жұмыстарында Отанға деген сүйіспеншілікті, шығармашылық ойлаудың креативтілігін және пластикалық шешімдердің жаңалығын, әлемдік мәдени дәстүрлермен тығыз байланыста заманауи өнердің даму үрдістерін түсінуді көрсетеді.

Ruh.kz
Фото - Джамиля Мурзабекова