4 Қыркүйек, 2019
Жазушылар жиналды (фоторепортаж)

Бүгін елордамызда Азия елдері қаламгерлерінің I форумы басталды. 



WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.31.11.jpeg

Форумға Азия елдерінің 300-ге жуық ақын-жазушысы келді. 

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.25.15.jpeg

Олардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары, ұлттық және мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, жазушылар одақтары мен қауымдастықтарының төрағалары да бар. 

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.21.58.jpeg

Жиынның негізгі мақсаты – Азия елдері арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу.

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.18.44.jpeg

Нобель сыйлығының номинанттары Моза әл-Мальки (Қатар), Ко Ын (Оңтүстік Корея), Мэнд-ООЕО (Моңғолия), Оңтүстік Азия халықаралық сыйлығының лауреаты Амар Митра (Үндістан), тағы басқа танымал тұлғалар баяндама оқиды деп күтілуде.

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.20.26.jpeg

Сонымен қатар, форум қонақтарының қатарынан  Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің жеңімпаздары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері және Жазушылар одағы мен ассоциацияларының Төрағалары секілді тоқсанға жуық ақын-жазушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосады.

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.21.53.jpeg

Форум жұмысы 3 күнге созылады. 

TED.9 форматында арнайы шара да өткізіледі. Онда 10 спикер дәріс оқып, еркін форматта сұхбаттасады. 

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.21.09.jpeg

Абай көшесінің бойында «Қаламгерлер аллеясы» ашылады. 

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.25.13.jpeg

Орталық Азия қаламгерлерінің кездесуі өтеді. Онда Ұлы Жібек жолы бойындағы әдебиеттің болашағы туралы айтылды. 

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.19.28.jpeg

Форум шеңберінде жас Азия қаламгерлерінің кездесуі де жоспарланған.

WhatsApp Image 2019-09-04 at 12.25.16.jpeg


Ruh.kz
Мурзабекова Джамиля, Ruh.kz