30 Маусым, 2020
Жедел жәрдем көліктері жетпей жатыр

Отандық өндірістің 807 жедел жәрдем автомашинасын жеткізуге шарт жасалды 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызмет көрсету ұзақтығына немесе жедел жәрдемнің келуден бас тартуына қатысты азаматтардың шағымдары санының артуына байланысты жағдайға түсінік бере отырып, ел бойынша шақырулар саны орташа есеппен 1,8 есеге, ал Нұр-сұлтан, Алматы сияқты ірі қалаларда – 2-2,5 есеге артқанын атап өтті.  

Министрдің айтуынша, бригадалардың және жедел жәрдем көлігінің жетіспеуі мәселесін шешу мақсатында, отандық өндірістің 807 жедел жәрдем көлігін жеткізуге шарт жасалды. Бұдан басқа, автопарктердің, медициналық емес ұйымдардың автокөліктерінің күшін тарта отырып, CORONA-TAXI енгізу бойынша шет елдердің тәжірибесі пысықталуда.

Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден