11 Желтоқсан, 2018
Жеңіс туын тіккен қазақ батыры – Рахымжан Қошқарбаев

Ұлы Отан соғыс кезінде Рейхстагқа бірнеше рет ту тігілгені белгілі. Бірақ, солардың ішінде алғашқы және ұлты қазақ болған Рахымжан Қошқарбаев бүгінде қазақ тарихында өз онын қалдырып отыр.


150-ші атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30-сәуір 1945 жылы сағат 14:25 кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов «жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты». Бұл кезде рейхстаг үшін күрестің ең қызып жатқан кезі еді.



Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Тайтөбе ауылында дүниеге келген. Жастайынан ата-анасынан айырылған. 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталған. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне оқуға барған. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған «Штурм» деген кітабында жан-жақты баяндайды. Оның балалық шағы туысқансыз және жанашыр адамдарсыз өткен.



Ту тіккен Қошқарбаевтың айтуынша: «Комбат Давыдов мені терезе қасына шақырды.



- Көрдің бе, -дейді,



- Рейсхстагты?



- Керекті адамдарды таңда, туды тігетін боласындар.



Сосын маған сырты оралған, ауыр салмақты матаны берді. Бұл – қара қағазға оралған ту еді. Бір топ барлаушылармен терезеден шықтық. Біраз уақыттан кейін бәрімізге жерге жата қалуға тура келді. Атыс үдей түсті. Қасымда тек бір-ақ жауынгер қалды. Ол Григорий Булатов болған. «Біз не істейміз, жолдас лейтенант?», - деп сұрай берді.



Біз екеуіміз суға толы шұңқыр қасында жаттық. «Туда өз тегілерімізді жазып қояйық», - деп ұсындым. Содан соң химиялық қарандашпен: «674 полк, 1 ботальон» сөздерін жаздық. Қасына өз аттарымызды қостық: «лейтенант Қошқарбаев, жауынгер Булатов». Сол жерде қараңғы батқанға дейін жатуға тура келді. Сосын артиллерия соққы жасай бастады. Осы сәтте Рейхстагқа қарай жүгірдік. Құрылысқа жеткен кезде мен Булатовты көтердім, оның бойы екінші қабатқа жетті. Екінші қабат деңгейінде туды орнаттық...».



Қошқарбаевтың айтуы бойынша Рейхстаг алдындағы ашық 270 метрлік алаңды жер бауырлап өту үшін 7 сағат кеткен. Екі-үш күнде қаншама тарихи оқиғалар орын алған. 3- сәуір күні кешкі жетілерде Рейхстаг алдынан алғашқы жеңіс туы желбіресе, сол күні түнде 70 метрлік биіктікке көтерілген.  Мамырдың бірі күні туды бүкіл Берлин көрді. Бұл 150-ші дивизияға тапсырылған ту болатын. 2-мамыр күні немістер кері шегінген туралы айтылған. Қошқарбаевтың жасаған ерлігі туралы жазушы Борис Горбатов, танымал кинооператор Роман Кармен өз пікірлерін ашық білдіріп кеткен.



«Шын мәнісінде біздің жауынгерлерді бүркіт пен қыранмен салыстыру еш керек емес. Ешқандай бүркіт Қошқарбаевпен тең келе алмайды. Ол менің көзімше Рейхстагқа Жеңіс Туын тіккен. Бұндай батырды сипаттау үшін мүлдем басқа теңеулер мен образдар, жаң поэзия керек», - деп жазып кеткен Горбатов. Ол мақаласы 18-желтоқсанда 1948 жылы шыққан «Литературная газетада» шыққан болатын. Қошқарбаев пен Булатовтың ерлігін мойындағандар арасында дивизиялық газетаның корреспонденті Василий Субботин болған. Өз кезінде журналист осы жайында бірнеше рет жазған еді. Субботиннің соңғы сақталған естеліктерінің бірінде аталған мәселе туралы пікірі анық байқалады.



«Мен осы 15 жыл ішінде Қошқарбаев пен Булатов істеген ерлік ұмытылып бара жатқанына қынжыламын. Ешкімнің аты бұлардың ерлігін жасыра алмас».



Көптеген жылдар өткеннен кейін ғана қоғам тарихи әділеттілікті орнату бағытында мардымды қадамдар істей бастады. Бауыржан Момышұлы айтуымен жас қазақ журналисті Кәкімжан Қазыбаев 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде «Жас қазақтың ерлігі» атты мақала жариялады. Мақала арқылы батырлардың есімдерін бүкіл Кеңес Одағына танылды.



ҚР Президентінің Жарлығымен Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді. Қошқарбаевтың  есімі Астана, Алматы қалаларындағы көшелерге берілген. 2010 ж. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Мәскеуден Астанаға батырдың Рейхстагқа тіккен туы әкелінді. Ол Астанадағы Президент қорында сақтаулы. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.


Ruh.kz
Ok.ru