14 Желтоқсан, 2018
Жеңіске жету үшін баста!

Әрбір істі бастар алдында адамның ішкі дүниесінде белгілі бір ниет һәм түйсік болады. Сол ниеттің ауқымдылығына қарай нәтиже көлемі белгілі болмақ.


Сондықтан, әрбір істі бастар алдында тапсырылған дүниені тек қана аяқтау үшін емес, белгілі бір деңгейде жетістікке жету мақсатында істеген жөн. Сонда еңбек өнімділігі де, жұмыс қарқыны да жылдамдық ала түспек.



Жеңіс, жетістік – адамның ішкі «өлі» дүниесіне қозғау салатын күш. Осы күш қана адамды алға қарай ұмтылуға жетелейді. Өйткені, жетістік жолына қадам басқандар оның шыңына шықпайынша байыз таппайды.



Адам өзінің ішкі дүниесі тыныштық тапқан кезде ғана дамылдайды. Өйткені, арманында, мақсатында көрініс берген жетістік кезеңінің кереметі оларды сағым секілді алдан шақырып тұрады.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin