30 Қазан, 2019
Жетіген - сиқиырлы сазға бай (инфографика)

Жетіген – жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады. Беті жұқа тақтайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған. Ішектер аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Бұл аспаптың қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Дыбыс көлемі 2-2,5 октаваға дейін жетеді. Барлық ішектеріне құлақ күйін келтіретін арнайы үлкен тиектер тағылады. Тыңдаушыларға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп, оны тек сарайларда, шағын топ алдында ғана ойнаған.



Жетіген 1.jpg


Кайргалиева Анель Канаткызы
Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден