26 Қараша, 2018
Жігерлі бол!

Адамзат баласы тарихында саналық қызметтің ең құдіреттісі – ерік-жігер. Жігерлі адамдар ғана өз мүмкіндіктерін соңына дейін пайдаланып, жетістікке қол жеткізеді.


Жалпы адамзатты жігерлендіру үшін ғалам жүзінде мыңдаған кітаптар жарық көріп, мыңдаған-миллиондаған дәрістер, шеберлік сағаттары өткізіліп жатады. Не үшін? Әрине, адам дамуының тоқтап қалмасы үшін, адамдардың жігерлі болуы үшін.



Ерік-жігері мықты адам ғана өз уақытын, қабілетін, мүмкіндігін саналы түрде пайдаланып, жетістік шыңын бағындырады.



Жігерлі адамдар ғана материалдық һәм рухани байлық тізгініне ие болады. Адамның әлем танитын тұлғаға айналуы үшін ең алдымен қажырлы еңбек керек.



Ал қажырлы қарекет ету үшін жігер керек. Демек, ерік-жігер – адам дамуының қозғаушы күші.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin