13 Қыркүйек, 2018
Жүрегіңді тыңда!

Сіздің өз қалауыңыздағы жұмыспен айналысуға мүмкіндігіңіз бар ма? Бұл өмірде қателікке жол бермеу қажет мәселе болса, бұл - өмірлік жолыңды таңдау. Кейде біз өзге жандардың пікіріне сүйеніп, не болмаса көңілдерін қалдырмау мақсатында олардың таңдауына көңіл бөлеміз. Осы сәтте өзіміздің ішкі қалауымыз ұмытылып қалады.


Ал уақыт өте келе, біз ішкі қайшылықтарға тап боламыз. Мұның салдары күйзеліске, жанұядағы мәселелерге, денсаулықтың әлсіреуіне алып келеді. «Неге?» деген заңды сауал туындайды.



Себебі, сіз өз жүрегіңізге қарсы шықтыңыз. Ақыл-ойыңыз қалыптасқан сәттен бастап сіз өз жүрегіңіздің иесі болып табылатын секілді, жүрегіңіз -  сіздің ажырамас бөлшегіңіз болады. Ол сіздің ішкі қалауыңызды жақсы біледі, түсінеді, сіздің бақытты болуыңызды қалайды. Егер де жүрегіңіз мазасызданса, демек сіз дұрыс жол таңдай алмай келесіз. Әр ісіңізді жүрекпен істеуге талпыныңыз!


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin