Әр адам өз ісінің дұрыстығына өзге біреудің көзің жеткізуді қалайды. Іштей толыққанды сенімді болсаңыз да, қолдау күтесіз. Осы кезде бір жақсы сөз, не болмаса кері пікір сіздің алдағы мақсат-мүддеңіздің, жоспарларыңыздың табысты болуына жол ашуға немесе түбегейлі тас-талқанын шығаруы мүмкін.
Бұл - өте қауіпті жайт. Себебі, сізге өмір жолыңызда кезігетін адамдардың барлығы жақсы болмайтындығы хақ. Кейбіреуі жаман пиғылмен болмаса да, көңіл-күйі болмауы себепті теріс пікір айтады. Сіздің ең басты сынаушыңыз - ол емес.
Ол - тек сіз. Әрине, егер де сізге айтылған пікірдің дұрыстығына көзіңіз жетсе, қабыл алу немесе қабыл алмау өзіңіздің еркіңізде екені хақ. Дегенмен, әр ісіңізді іштегі сезіміңізбен ұштастырып отырыңыз. Себебі, бұл - сіздің өміріңіз. Өз шешімдеріңіз үшін жауапты тек өзіңіз боласыз.