12 Қыркүйек, 2018
Жұрттар айта берсін, ал сен жұмыс істе!

 «Ит үреді, керуен көшеді», - дейді дана халық. Қатты айтылған ой секілді болса да, ақиқаты - осы. Егер де бұл өмірде әр адам өз жүрегінің қалауына құлақ асып, жұмыс істесе, әлем жақсара түсер еді.


Дегенмен, кейде іштегі қайшылықтарға тап болған адамдар өзге біреудің өміріне араласуға көңіл бөледі. Олар өз жан-дүниесіне назар аударуды ұмытады. Осының салдарынан жүректерін шаң басуы мүмкін.



Осындай жандардың қатарына қосылып кетуден алшақ болыңыз. Әрқашан ішкі көңіл-күйіңізге баса көңіл бөліп, тазартып отырыңыз. Өз қалауыңыздағы жұмыспен айналысыңыз. Бар ғұмырыңызды өзіңіз бақытты болу және жақындарыңызды бақытты ету жолына арнасаңыз, жүрегіңіз мәңгі таза болып қалары хақ.


Ruh.kz
Nurlibek Buhpin