10 Қыркүйек, 2019
«Жыр жұлдызы-Фариза»

     

    2019 жылдың 12-13 қыркүйек күндері М.Өтемісұлы атындағы Академиялық қазақ драма театрында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған                   «Жыр жұлдызы-Фариза» атты Республикалық айтыс өтеді.

Ақынның жалынды жырларын халық арасында кеңінен тарату, насихаттауды мақсат еткен айтысқа ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Мереке Құлкенов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Ұлықбек Есдаулет, Ақұштап Бақтыгереева, Есенғали Раушанов, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Светқали Нұржан және т.б. қазылар қазылық етеді.

        Аламан додаға Жансая Мусина, Рүстем Қайыртай, Талғат Мықи және жерлікті айтыскер ақындар Шалқарбай Ізбасаров, Жәнібек Садыров, Өнербек Дәулекенов сынды ақындар қатысады. 

Ақын құрметіне арналған айтысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!