Ауыл – Ел бесігі
Жоба ауылдағы өмір сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға және оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған. Жоба аясында жастар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатыса алады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет жаңғыртылатын болады.
Осы мақсаттарға жету үшін үш негізгі міндетті орындау қажет:
- ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
- шараларды жетілдіру арқылы әлеуметтік саланы кадрлармен қамтамасыз ету;
- ауылдағы жастар кәсіпкерлігін қолдау.