Дәстүр мен ғұрып

Арнайы жоба «Дәстүр мен ғұрып»

Жобаның мақсаты көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып,  ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  • Ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғырту;
  • Жалпыхалықтық рухани құндылықтарды күшейту;
  • Халықты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыру;
  • Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтармен қазақ асханасының пайдасын дәріптеу.