Үнем – қоғам қуаты

Арнайы жоба «Үнем – қоғам қуаты»

Тиімді тұтыну – қазіргі әлемде қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады.

«Прагматизм» ұғымы қазақстандықтарға икемді, қаржылық тұрақты, дені сау, білімді, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға, өзінің әлеуетін іске асыруға және құбылмалы әлем жағдайында тез әрекет етуге мүмкіндік беретін бірқатар ұтымды дағдыларды жинақтайды.

Жобаның мақсаты – ресурстарды орынды тұтынуды және бөлуді көздейтін прагматикалық өмір салтын қазақстандықтардың құндылықтық бағдарлары жүйесіне енгізу.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • прагматизм ұғымы туралы түсінікті кеңейту;
  • даму қажеттілігін және өмірге ұтымды көзқарасты тұрақты түсінуді қалыптастыру;
  • мінез-құлық трендтерін қалыптастыру;
  • бағыт шеңберінде прагматикалық дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау.