Латын әліпбиіне көшу

Жоба туралы

Әлем дамуындағы қазіргі тенденциялар тілге назар аударуды ерекше талап етеді. Күннен-күнге өзгеріп жатқан дүниенің қарқынына ілесе алмаған жағдайда ол оның жоғалуына әкелуі мүмкін. Ғаламшарымыздың ғылыми әрі технологиялық дамуы адамдардың тілдік әрі сандыққарым-қатынасына қиындық тудыратындай дәрежеде терминологияның кеңеюіне әкеліп отыр. Сондықтан, қазақ тілінің де әлем халықтарының 75 пайызы қолданатын латын әліпбиіне көшіп, жаңартылатын уақыты жетті. Бұл бір жағынан қазақ грамматикасы мен лексикасының кемелденуіне әкелсе, екінші жағынан еліміздің сандық, ғылыми, мәдени әлемдік ақпарат кеңістігіне шығуын жылдамдатады.

Мақсаты: латын графикасы негізінде қазақ тілін пайдалануға кезеңкезеңмен көшуді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіруге қатысты берген тапсырмасынан кейін бекітілген әліпбиді ғылыми тұрғыдан зерделеп, практикалық тұрғыдан апробациядан өткізу жұмыстарын Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары жүргізді. Жалпы латын графикасына негізделген 20-дан астам жоба қарастырылды. Әліпби жобалары авторлардың тікелей қатысуымен ғалымдар тарапынан талқыланып, сараланды.

Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жұмыстарының медиа-жоспары әзірленді. Медиа-жоспарға сәйкес есепті кезеңде электрондық және басылымдық БАҚ-та мыңнан астам материал жарық көрді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде 500-ден астам пост жарияланды.

2020 жылғы 14 ақпанда барлық өңірлерде әліпби бойынша берілген ұсыныстарға қатысты ашық талқылау өтті. 2020 жылғы 20 ақпанда Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық, әдістемелк, терминологиялық және техникалық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс топтарының қатысуымен «Латыннегізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» атты кеңес өткізілді.

13 наурызда 4 жұмыс тобының кеңейтілген отырысы және 15 сәуірде орфографиялық жұмыс тобының онлайн-отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «у», «й», «і» таңбаларының дыбыстық мазмұны талқыланды. Шараға 30-дан аса жұмыс тобы мүшелері мен мамандар қатысты. Сонымен қатар, биыл 20-24 сәуір аралығында «ONLAINda bol» жобасы аясында «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбында онлайн дәрістер ұйымдастырылды.

Онлайн дәрісте Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары қатысты. 2020 жылғы 26-28 мамыр аралығында Алматы қаласында Тіл білімі институтының кейбір ғалымдарының әліпбиді жетілдіруге қатысты ұсыныстарын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Аталған ұсыныстар негізінде шешім шығарылып, қорытындылау кездесуі 29-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында жалғасты.

Әліпбиді жетілдіру жұмысын қорытындылау кезеңінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев әліпби жобасын БҒМ-мен бірлесе отырып, тиісті мамандармен егжей-тегжейлі талқылауға қатысып, 28 мамырда тапсырма берген болатын. Осы ретте 2 маусымда өткен орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында әліпби ғылыми тұрғыдан қайта зерделенді. Әліпби жобасына берілген ұсыныстар әдістемелік тұрғыдан қарау мақсатында БҒМ жолданды.

Нәтижесінде 22 шілдеде онлайн режимде орфографиялық жұмыс тобының отырысы өткізілді. Отырысқа жұмыс тобы мүшелерімен қатар БҒМ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде әліпби жобасы тағы бір рет қаралды. Сонымен қатар, латын негізді қазақ әліпбиін жетілдіру барысында атқарылған жұмыстар  туралы жаңа әліпбидің емле ережелері жайында, конвертер, пернетақта және таңбалардың ІТ технологияға сәйкестігі жөнінде баяндамалар жасалды.

20 тамызда Орфографиялық жұмыс тобының онлайн отырысы өткізілді. Отырысқа топ мүшелері, БҒМ өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысты. Күн тәртібінде емле ережелері жобасына жасалған орфографиялық жұмыс тобының сараптамалық қорытындысы қаралды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 қыркүйекте берілген тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғастырылуда. Сонымен қатар, 17 қыркүйекте «Түркі әлемі: тілдік ахуал, латын әліпбиі және әдістеме» тақырыбында онлайн форматта халықаралық семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңестің мақсаты – түркі тілдерін зерттеушілермен, әдіскерлерімен ғылыми пікір, тәжірибе алмаса отырып, өзара туыстас тілдердің мамандары арасында халықаралық байланысты қалыптастыру. Іс-шараға ғағауыз, қырғыз, ноғай, өзбек, хакас, қарақалпақ, түрік, тыва, татар және қазақ тілдерінің мамандары, барлығы 5 елден (Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей) ғалымдар қатысты.

Проект алфавита

  • Aa
    Аа
  • Bb
    Бб
  • Cc
    Цц
  • Dd
    Дд
  • Ee
    Ее
  • Ff
    Фф
  • Gg
    Гг
  • Hh
    Хх/Hh
  • Ii
    Ии
  • Jj
    Йй
  • Kk
    Кк
  • Ll
    Лл
  • Mm
    Мм
  • Nn
    Нн
  • Oo
    Оо
  • Pp
    Пп
  • Qq
    Ққ
  • Rr
    Рр
  • Ss
    Сс
  • Tt
    Тт
  • Uu
    Ұұ
  • Vv
    Вв
  • Ww
    Уу
  • Yy
    Ыы
  • Zz
    Зз
  • Ae/ae
    Әә
  • Oe/oe
    Өө
  • Ue/ue
    Үү
  • Gh/gh
    Ғғ
  • Ch/ch
    Чч
  • Sh/sh
    Шш
  • Zh/zh
    Жж
  • Ng/ng
    Ңң